Жаңалықтар

Көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі көрерменсіз өтеді

Бір аптаға созылған байрақты бәсекеге өз мәресіне жетіп қалды

Бүгін Астанада – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты көрермендердің қатысуынсыз өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұйымдастырушылар, мұның себебін бюджеттің қысқартылуымен түсіндірді. Сондықтан  салтанатты шара хаттамалық форматта көрерменсіз тек спортшылардың қатысуымен өтеді.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар  дүбірлі доданың жабылу салтанатына билеттердің сатылмайтынын айтып, халықты алаяқтардың әрекетінен сақ болуды ескертті.

Ал екі жылда бір өтетін Көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі сағат 16:00-де «Qazaqstan» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.