Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде ерекше қызметтер көрсетілген
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде ерекше қызметтер көрсетілген
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде ұялы телефон пайдалануға, туған күнін ішімдік ішіп тойлауға заңсыз мүмкіндік берілген. Сонымен қатар, кәсіпкерге интим қызмет көрсетілгені үшін де пара беріліпті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қайрат Боранбаевтың жиені Әбілхан Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдарында жазылған. Боранбаевтың жиені Әбілхан Боранбаев ағасы үшін тиісті адамдарға пара берген. Кейін кәсіпкер заңсыз сыйлықтар алған. Ал осы жағдайдан кейін Әбілхан Боранбаев 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Яғни ол ағасына сыйлықтар жасап, тіпті интим қызметқе ақы төлеген.