Жаңалықтар

Кәсіпкерді телефон арқылы қорқытқан полиция басшысы қызметінен айырылды 

Кәсіпкерді телефон арқылы қорқытқан полиция басшысы қызметінен айырылды 

Қарағанды облысы Приозерск қаласында кәсіпкерді телефон арқылы қорқытып, жұмысына кедергі қойған полиция бөлімінің басшысы жұмысынан босатылды, деп хабарлайды jambylinfo. 

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіптік комиссия Приозерск қаласы Полиция бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босату туралы шешім қабылдаған.