Жаңалықтар

🥉Канвон 2024: Қазақстан құрамасы қола медальді еншіледі

🥉Канвон 2024: Қазақстан құрамасы қола медальді еншіледі

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде Ұлттық құрама қоржыны тағы бір медальмен толықты. Шорт-тректен 1000 метр қашықтықта бақ сынаған Полина Омельчук үздіктер қатарына еніп, қола медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы үшін бұл жарыстағы екінші жүлде. Бұған дейін шаңғымен тұғырдан секіру сайысында Илья Мизерных чемпион атанған болатын. Медаль саны бойынша жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бесінші орында тұр.