Кәрім Мәсімовтың інісіне іздеу жарияланды

0 6

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді басталды. Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады. Қазіргі уақытта Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. 17 қаңтарда Ішкі істер министрінің бұйрығымен Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылды. Нұрлан Мәсімов – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере бауыры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.