Кәсіби бағдар – сапалы мамандықтың кепілі

0 53

Қай ұжымда да ұрпақтар сабақтастығы маңызды рөл атқарады. Себебі, кешегі күнді көрген көнекөздер бүгінгі буынға білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөліссе нұр үстіне нұр. Бұл үрдістің бері аймақтағы «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығында» заңды жалғасын табуы көңілге медет.

 

Жалпы, бүгінгі таңда жол активтері сапасының ұлттық орталығы бас директорының бастамасымен республика көлемінде «2000 мектеп» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Қанатқақты жоба аясында орталықтың өңірдегі филиалының қызметкерлері жыл басынан бері 90 оқу ошағына арнайы барып, мектеп бітіруші жас түлектерге мамандық таңдау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Бұдан бөлек, техникалық бағыттағы білім беретін колледж және жоғары оқуы орындарының студенттеріне «Ашық есік күнін» тұрақты түрде өткізуде.

Атап өтерлігі, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» өңірлік филиалына тағылымдамадан өтуге келген жас жігіттерге біз әр ай сайын ақы төленеді. Мұның бәрі жастардың осы салаға деген қызығушылығын ояту әрі олардың тұрмысының түзелуі үшін қолға алынып отыр. Сондай-ақ, орталық мамандары түрлі мердігер компаниялардың басшыларына ұсыныс айтып, жастардың тұрақты жұмысқа орналасуына себепкер болуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.