Казгидромет дауылды ескерту жариялады: Ертең елімізде қандай ауа-райы күтіледі?
28 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай, дауыл және аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Казгидрометке сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 28 шілдеде Қазақстан бойынша ауа райы күрт құбылады. Бірқатар өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел соғады және өрт қаупі жоғары болады. Кейбір аймақтарда аптап ыстық күтіледі.
Астана қаласында найзағай, дауыл және күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысында облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Көкшетау қаласында да найзағай күтіледі, жел екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Алматы мен Қонаев қалаларында да күн күркірейді.
Түркістан облысында оңтүстікте және таулы аймақтарда найзағай болжанады. Күндіз батыс пен оңтүстікте жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Өңірде және Шымкент пен Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында найзағай шығыс, оңтүстік, орталық және таулы аймақтарда күтіледі. Алакөл маңында жел 23-28 м/с, кей жерде 30 м/с-тен асады. Талдықорғанда найзағай, Алакөл ауданында өте қатты жел болжанған.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғып, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Облыстың шығысында өрт қаупі өте жоғары. Орал қаласында жел екпіні 18 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында түнде найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыста 15-20 м/с, ал облыстың оңтүстігі мен батысында өрт қаупі жоғары. Ақтау қаласында да өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде найзағай күтіледі. Жел екпіні 23 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Солтүстік бөлігінде жоғары, ал батыс, орталық және оңтүстік аймақтарында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай болады.
Атырау облысында жел солтүстік пен солтүстік-батыстан соғып, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Шығыс пен орталықта өте жоғары, ал батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қаласында да өрт қаупі жоғары.
Ұлытау облысында шығыста күндіз найзағай болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік пен шығыста өрт қаупі өте жоғары.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Жел батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с. Облыс пен Қызылорда қаласында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы және орталығында найзағай күтіледі. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, кей жерлерде 15-20 м/с. Оңтүстік пен шығыста өрт қаупі өте жоғары. Ақтөбеде жел екпіні – 15 м/с.
Қостанай облысында найзағай, оңтүстік пен шығыста бұршақ және дауыл болжанған. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай болады. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.
Абай облысында түнде солтүстікте, орталық пен оңтүстікте найзағай, күндіз шығысы мен оңтүстігінде найзағай мен бұршақ болжанады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз +35+38°С аптап ыстық болады. Облыстың көп бөлігінде өрт қаупі жоғары, солтүстік-батыс пен орталықта – төтенше.
Шығыс Қазақстан облысында түнде батысы мен солтүстігінде найзағай, күндіз бүкіл өңірде найзағай мен бұршақ болжанады. Жел екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Күндізгі аптап ыстық +35, оңтүстікте +38°С. Өрт қаупі өте жоғары. Өскеменде найзағай, аптап ыстық пен қатты жел күтіледі.
Павлодар облысында түнде солтүстік пен шығыста найзағай болады. Жел батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Павлодар қаласында да найзағай мен қатты жел болжанған. Өңірдің барлық бөлігінде өрт қаупі жоғары.
Жамбыл облысында оңтүстік пен таулы аймақтарда найзағай, жел екпіні 15-20 м/с. Таразда да найзағай және жел күтіледі. Өрт қаупі өте жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады. Түнде найзағай, күндіз найзағай мен бұршақ болжанады. Тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда түнде найзағай мен тұман күтіледі.
Аталған ауа райы құбылыстары 28 шілде күні күтіліп отыр. Жергілікті тұрғындар мен қонақтарға сақ болу, мүмкіндігінше далада ұзақ болмау және төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрекет ету ұсынылады.