Жаңалықтар

Келесі оқу жылынан бастап «педагог-ассистенттер» колледждерде дайындалады

Биыл курстардан 5 мың педагог өтті

Елімізде 203 мың мүгедектігі бар бала бар, олардың 66 мыңы – мектеп жасына дейінгі, 137 мыңы – мектеп жасындағы балалар. Мүмкіндігі шектеулі балалармен қазіргі таңда 9000 арнайы педагог жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда да «педагог-ассистент» лауазымы енгізілуде деп хабарлайды  Jambylinfo.kz 


«Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар үшін мектепте «жеке көмекші» лауазымы енгізіледі. «Педагог» кәсіптік стандартына мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша жаңа мамандықтар енгізілуде. 

Педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстары да тұрақты жүргізіледі. Биыл курстардан 5 мың педагог өтті. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өсуіне байланысты 3,5 мың арнайы педагогқа қажеттілік бар.  

Келесі оқу жылынан бастап «педагог-ассистенттер» колледждерде дайындалады, тиісті бұйрық қабылданды»,- деді министр Ғани Бейсембаев.
 
Сондай-ақ мүгедектігі бар балалар үшін колледжге түсу квотасы 1%-дан 10%-ға ұлғайтылған.