Келесі жылы зейнетақы қандай көлемде өседі

0 5

2022 жыл республикалық бюджетте әлеуметтік міндеттемеге 4 трлн теңге қарастырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды

«2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделіп отыр», — делінген Еңбек министрлігі мәліметінде. Бұл 4,2 млн адамның табысын арттырады, оның ішінде: — 2,3 млн-ға жуық зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып) және базалық зейнетақы төлемін 5%-ға, жалпы сомасы 138,3 млрд теңгеге арттыру жүргізілетін болады; — 1,9 млн алушыға әлеуметтік жәрдемақы жалпы сомасы 52,1 млрд теңгеге, 5%-ға арттырылады. Бұдан тыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның кіріс деңгейіне де оң әсер етеді. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткішті 5%-ға индексациялау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, ЕТК мөлшері 36 018 теңгені, ал АЕК – 3 063 теңгені құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.