Кеніштегі трагедия: Жетінші жұмысшының денесі табылды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не қарасты кеніштен жеті жұмысшының денесі табылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазіргі уақытта олардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Қайтыс болған жұмысшылардың денелері жоғарыға шығарылып, сот-медициналық сараптама жасау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.