Кентауда екі адамды құтқарған тәртіп сақшысы марапатталды
Екі азаматты құтқарған полиция инспекторына «Ерлігі үшін» төсбелгісі табысталды
Кентауда екі адамды құтқарған тәртіп сақшысы марапатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатханға «Ерлігі үшін» төсбелгісінің иегері атанды.
Ол пәтерде жалғыз өзі құлыптанып қалған 3 жасар бүлдіршінді 5-қабаттың балконы арқылы ішке кіріп, құтқарып қалған. Сондай-ақ, 4-қабаттың терезесінен секірмек болған ер жігітті де дер кезінде ажалдан арашалап қалған еді.