Жаңалықтар

"Кешью тобынан кеткеніме өкінемін..."Әнші Элизат Берікова ашық сұхбат берді

"Кешью тобынан кеткеніме өкінемін..."Әнші Элизат Берікова ашық сұхбат берді

"Лашын", "Кешью" топтарында өнер көрсеткен, әнші Элизат Берікова ажырасқаннан кейінгі өмірі, шығармашылығы туралы Massaget.kz тілшісіне ашық сұхбат берді. Кішкентай қара басыма көп сынақ берді... "Неліктен балалар әйел адамда қалуы керек? Шын мәнінде әйел адамдар мықты секілді. Бәрін де әйел адам көтереді. Қанша жұмыс істесе де әйелдер үлгереді екен. Жұмысын да істейді, баланы да қарайды, тамақ істейді, кір жуады. Мен өзіме қараған кезде күйзелісті сәттер болады. Менің мына кішкентай қара басыма қандай сынақ берген. Менің де қиналатын сәттерім болады, менде біреудің қызымын ғой. Қазіргі заман бір адам өз басын, өзі ала алмай жүрген заман. Мен кішкентай екі баламен қалып, оларды ешкімнен кем қылып өсірмей, олардың  киімін, тамағын тауып отырған мен қандай мықтымын".  width= © Болат Айтмолда Не болса да, тұрмысқа шығуым керек "Негізі келісім-шарт аяқталған соң, не болса да тұрмысқа шығуым керек. Менде екі ұл болғандықтан, тағы да қыздар туғым келеді. Одан кейін ары қарай жасым да келіп қалады. 35-ке дейін үлгеріп, жақсы жаныма серік табылса тұрмысқа шығып үлгеруім керек. Бірақ... Қазір тіпті ойлауға да дайын емеспін".  width= © Болат Айтмолда Балаларды тастап кетіп қалатын едім "Ажырасқан кезде балаларды өзім қарадым. Безбүйрек ана болсам, балаларды сол кезде тастап кетіп қалатын едім. Маған келіп, мен оны жақсы көріп тұрсам да, балаларсыз өмір сүреміз десе мен оған келіспеймін, қарсы боламын. Менің ішімнен шыққан балаларды мен олай тастап кете алмаймын. Бір-екі күнге тастап кетсем де, уайымдап кетемін. Мені тұрмысқа шақырса, менің балаларымды да қабылдау керек". Кешью тобынан кеткеніме өкінемін... "Енді өмір ғой. Кешью тобынан кеткеніме қатты өкінемін деп айта алмаймын дегенмен өкінемін. Себебі: бұл топтан кеткеннен кейін өмірім өзгеріске ұшарады. Тұрмысқа шықтым, бақытты едім. Бірақ... Өмір ғой". Сұлулық салонын жауып тастадым "Сұлулық салонын жауып тастадым. Себебі қазір студияда жүргендіктен, көп уақытым шығармашылықпен айналысуға кетіп жатыр. Кез келген істің басы-қасында өзің жүрмесең, ол іс ешқашан өнбейді. Өнерге қайта оралғаннан кейін оны жауып тастадым. Осы шығармашылық жолында бір деңгейге қайта жеткеннен кейін, салонды қайта жүргізуге болады. Шоу бизнеске оралуға қарағанда, сұлулық салонын ашу қиын емес. Табыс менің өміріме жеткілікті". Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/95599/