Жаңалықтар

"Жасырмай, ашығын айтуымыз керек". Ерлан Қарин еліміздегі рушылдық жайында айтты

Оның сөзінше, депутаттар арасында партиялық емес, рушылдық сипатта тартыстар байқалған

ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek joly телеарнасына берген сұқбатында еліміздегі рушылдық мәселесі туралы айтты,- деп жазады Jambylinfo.kz

Ерлан Қарин сұқбатта рушылдық соңғы уақытта белең алып бара жатқанын айта келе, бұл сайлау кезінде депутаттардың партиялар арасында емес, рулар арасындағы бәсекелестікке айналғанын айтты.

Сонымен қатар, рушылдық сипаты ономастика саласында жиі көрініс табады. Ерлан Қарин аталған сала реттеу үстінде кейбір ономастикалық комиссиялардың функциясы орталыққа берілгенін айтты. Өйткені, жергілікті жерде көше, елдімекендерге  атасының есімін бергісі келетіндер көп.