Жаңалықтар

«Кезби» компаниясы 321 млн теңге жымқырып, 1,5 млрд теңге салық төлеуден жалтарған

The final spritzer

Қазіргі таңда алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Кезби» ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

 Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілініп отыр.

 2024 жылғы 3 қарашада күдікті Е.Кезбаев ұсталды. Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.