Жаңалықтар

Үкімет азық-түлік инфляциясын тежеу үшін аймақтарда көкөніс қорларын пайдалануды тапсырды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Үкімет жаңа жыл қарсаңында бағаны ұстап тұру үшін аймақтардағы тұрақтандыру қорларынан өнімдер алу басталды. Бұл жайында  Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Азық-түлік инфляциясын тежеу үшін аймақтарда көкөніс қорлары пайдаланыла бастады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 159,6 мың тонна көкөніс қорының 13,4 мың тоннасы сатылды. Ең көп сатылғаны — картоп (7,2 мың тонна), сәбіз — 2,1 мың тонна, пияз — 2,2 мың тонна, қырыққабат — 1,7 мың тонна.

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне аймақтармен бірлесіп, негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырды тапсырды.

Сонымен қатар жиында 11 айдағы инфляция қорытындылары мен 2024 жылғы болжамдар қаралды.