Жаңалықтар

"Сүйінші": Ұлттық қордан әр балаға 129,38 доллардан бөлінді

The final spritzer

"Ұлттық қор балаларға" бағдарламасы аясында бұл қаражат балалардың есепшотына 2025 жылдың 31 қаңтарында түседі

"Ұлттық қор балаларға" бағдарламасы іске қосылған екі жыл ішінде әр баланың есепшотына жалпы 232,94 АҚШ доллары жинақталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкінің хабарлауынша, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарына кезекті қаржы аударылады. 

Естеріңізге салайық, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы алғашқы төлемдер 2024 жылы жүргізілген еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген. Бұл қаражат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 жасқа толмаған балаларға аударатын міндеттемесі.