«Көлсай көлдері» ЮНЕСКО Бүкіләлемдік желісіне енгізілді

0 8

ЮНЕСКО қазақстандық «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін өзінің дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосты. Мұндай шешім ЮНЕСКО бағдарламасының «Адам және биосфера» халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессия­сында қабылданды.

Қазақстандық «Көлсай көлдері» өтінімінің елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиялық шектеу­лер жағдайында дайындалғандығы ерекше назар аударуға тұрарлық. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарла­масы­ның биосфералық резерваттарының Ұлттық желісі тағы бір биосфералық резерватпен толықты­рылды.

Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО ұлттық желі­сінің Қазақстандағы биосфералық резерват саны – 13. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдердегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттар көлемінің осылай танылуы Қазақстанның био­логиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударғанын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.