Жаңалықтар

Коронавирус: Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары әлі «қызыл» аймақта

Коронавирус: Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары әлі «қызыл» аймақта

15 наурызда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары тұр. Ал «сары» аймаққа Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары кірген. Кеше «сары» аймақта тұрған Атырау облысы бүгін «жасылға» өткен. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта. Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.