Коронавирус: Жамбыл облысы «жасылдан» «сары» аймаққа өтті
Коронавирус: Жамбыл облысы «жасылдан» «сары» аймаққа өтті
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. 11 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта.