Жаңалықтар

Коронавирустан 1 науқас қайтыс болды – министрлік

Коронавирустан 1 науқас қайтыс болды – министрлік

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды. Ведомство дерегінше, індеттен елімізде 1 науқас қайтыс болды. Коронавирус пневмониясы 3 адамнан анықталды. Қазір өңірлерде коронавирустан 15 832 адам, соның ішінде 15 598-і коронавирустан (КВИ+) және 234-і коронавирус пневмониясынан (КВИ-) емделіп жатыр. 338 пациент стационарда жатса, 15 494 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 14 адамның жағдайы ауыр, - 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.