Коронавирустан 900-ге жуық науқас емделіп жатыр – министрлік

0 22

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы айтты.

Коронавирус инфекциясына (КВИ+) және коронавирус пневмониясына (КВИ-) шалдыққандар арасында:

— 1 адамның жағдайы ауыр;

— 3 пациенттің жағдайы өте ауыр;

— 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Жалпы, 27 қазандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде 880 адам коронавирус инфекциясынан (734 науқас КВИ+, 146 науқас КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 89 пациент стационарда, 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

26 қазан күнгі тәулік ішінде аталған вирус тағы 22 адамнан анықталды. Коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.