Көшеде көкпар тартқандар ұсталды

0 6

24 шілде күні Алматы облысында Кеңдала ауылының тұрғыны әкімдікпен келіспей, туған күніне орай көкпар ұйымдастырған.

Ойынға Еңбекшіқазақ ауданы (Қайназар, Рахат, Қазақстан) мен Талғар ауданының тұрғындары қатысқан.

«Көкпарға қатысушылар жолға шығып кетіп, көліктердің қозғалысына кедергі келтірген. Қоғамдық тәртіпті бұзған 10 ұсталып, ҚР Әкімшілік кодексінің 434, 593 және 614-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды», — делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.