Көшеде көліктегі музыканы қатты ойнату қаншалықты заңды

0 3

Көшеде көліктегі музыканы қатты ойнату қаншалықты заңды? Ішкі істер министрлігінің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде БАҚ өкілдері осындай сауал қойды.

Бұл сұраққа ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев жауап берді.

Оның айтуынша, ереже бойынша кейбір жол қозғалысына қатысушылардың жеке құқықтары басқа қатысушылардың құқықтарын бұзбауға тиіс.

«Яғни, жол қозғалысына қатысушылардың бәрі өзара сыйласып, қозғалысқа қауіпсіз жағдай жасауға, басқа қатысушыларға кедергі жасамауға міндетті. Мұндай фактілер анықталған жағдайда азаматтарға шектен тыс әрекеттерді сурет пен видеоға түсіруді ұсынамын. Содан кейін Әкімшілік полиция комитетіне хабарлауға немесе «102» нөміріне хабарласуға болады», — деп түсіндірді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Аталмыш шарада ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз «Құрық» теңіз портынан өтушілерге жалған ПТР-тест анықтамасын сатқан фельдшер ұсталғанын хабарлаған болатын.

«Тұрғылықты жері бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде күдіктіден сатуға дайын 48 жалған ПТР-тест, ноутбук, принтер және тиісті құжаттар дайындауға қажет басқа да техникасы тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның барысында тергеу күдіктілердің қылмыстық іс-әрекетінің нақты ауқымы және мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен адамдардың саны анықталып жатыр. Ішкі істер министрлігі жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделгенін еске салады», — деді Нұрділдә Ораз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.