Жаңалықтар

Костенко шахтасында қаза тапқан 46 кеншінің ісі сотқа жіберілді

The final spritzer

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді

Бас прокуратура аталған қайғылы оқиғаға қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қауіпсіздік талаптарын бұзу (ҚР ҚК 277-бабы, 3-бөлігі) бойынша 10 адам айыпталып, сотқа тартылмақ.

Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын, 2023 жылдың 28 қазанында Қарағанды қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарайтын Костенко шахтасында төтенше жағдай орын алып, жарылыс салдарынан 46 кенші опат болған еді.