«Коучтарды тыңдап құтырмайық»: Дариға Бадықова әйелдерге үн қатты
Актриса әлеуметтік желде ақыл айтатын коучтарды сынаған
Белгілі актриса, әнші, продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде ауырып қалғанын айтып жазба жариялады, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Букет диагноз болса да, «қойшы, мен осылай ауырамын ба?» дедім. Айтайын дегенім: кейінгі кезде ел аман, жұрт тыныш болса да қиын емес дүниелерді қиындатып жібердік. Кей адамдарға жерді басып жүру де міндет болды. Тым көкіп кесірленбейік! Әр түрлі коучтарды тыңдап құтырмайық!» – деп жазды ол.
Айта кетейік, актриса бірнеше күннен бері ауруханада ем алып жатыр.