Жаңалықтар

Креативті индустрияға серпін: Таразда қолөнершілерге арналған шеберлік сабақтары өтті

The final spritzer

Бүгін Тараз қаласында креативті индустрия саласының тынысын ашатын маңызды шара өтті

Жамбыл облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл шара екі күнге жоспарланған. Яғни, 27-28 мамыр күндері Тараз қаласында креативті индустрияны дамытуға бағытталған ауқымды іс-шаралар өткізу көзделген.

Жоспарға сәйкес, бүгін – 27 мамыр, бірінші күнгі бағдарлама жүзеге асырылды. Шаралар аясында «Қолөнершілер үйі» креативті хабының салтанатты ашылуы өтті және шығармашылық бағыттағы мамандарға арналған акселерациялық оқыту бағдарламасы басталды.

«Аспара» колледжінде өткен бұл шара қолданбалы өнердің шынайы шеберханасына айналды. Шеберлік сабақтары қатысушыларды «Керамикалық бұйымдар», «Киізден жасалған бұйымдар өндірісі» және «Былғары бұйымдарының өндірісі» бағыттары бойынша терең тәжірибелік біліммен сусындатты.

Шара аясында тәжірибелі шеберлер – Дәулет Дәркенбайұлы, Наталья Лемешко мен Оксана Кокасенко өздерінің авторлық әдістерімен бөлісіп, қатысушыларды қолөнердің нәзік техникасымен таныстырды. 

Айта кетейік, бұл шеберлік сабақтарына қатысқан тыңдаушыларға Алматы Қолөнер палатасы атынан арнайы сертификаттар табысталады. Бұл құжаттар олардың шығармашылық жолындағы алғашқы белесі ғана емес, болашақ кәсіби дамуына да даңғыл жол ашары сөзсіз.