Жаңалықтар

"Ұл ма, қыз ба": Мейрамбек Бесбаев тағы да әке атана ма?

Әнші жары Мархабат Бесбаева екеуі гендер пати өткізді

 Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев ет жақындарын жинап, баласының жынысын анықтаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Өнер иесінің отбасы гендер-патиді осыдан бірнеше ай бұрын түсірген. Яғни кішкентай қызы Айзия дүниеге келмес бұрын жасаған. Гендер- патидің видеосын әншінің жары Мархабат Бесбаева Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген.

Видеодан Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасынан бастап, қайын енесі, туған туыстары, достары болашақ сәбиді ұл болады деп топшылаған.

Алайда дүниеге ұл емес қыз бала келді. "Осындай сый бергеніне Аллаға мыңда бір шүкір. Бәріңізге жұғысты болсын', -деп жазды әншінің жары Мархабаев Бесбаева желідегі парақшасына.