Ла-Маншты қайықпен кесіп өтпек болған бес мигрант қаза тапты
Ла-Маншты қайықпен кесіп өтпек болған бес мигрант қаза тапты
Франция жағалауында заңсыз жолмен Ұлыбританияға Ла-Манш арқылы өтпек болған мигранттардың қайығы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты. Өзгесі ес-түссіз жатыр Франция ішкі істер министрлігіндегі дереккөз көрсетілгендей, Париж уақытымен 14:00 шамасында бір балықшы Кале қаласы аумағындағы Ла-Манш арнасынан он беске жуық адамның табылғаны туралы хабарлаған. Құтқару операциясы кезінде бес адамның көз жұмғаны анықталды, тағы бес адам ес-түссіз жатқан. Келеңсіз жағдайға байланысты елдің ішкі істер министрі Джеральд Дарманен оқиға орнына аттанды. Ла-Манш пен Пас-де-Кале арқылы өтуге әрекеттенген заңсыз мигранттардың саны азаяр емес. Аймақ теңіз префектурасының мәліметі бойынша, биыл 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында Франция жағалауынан Ұлыбританияға теңіз арқылы жетуге 15,4 мың заңсыз мигрант әрекеттенген