Жаңалықтар

Легионерлерді бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынды

The final spritzer

Енді шетелдік легионерлерге бюджет ақшасы төленбейді.

«Самұрық-Қазына» секілді квазимемлекеттік субьектілер де оларды қаржыландыра алмайды. 

Президент бүгін дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды.

Бұдан былай бюджет қаражаты тек төрт бағытқа жұмсалады:

1. Жоғары жетістіктер спортына;

2. Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметіне;

3. Бұқаралық спортқа;

4. Спорттық инфрақұрылымды дамытуға;

 Спорт федерацияларын аккредиттеуге қатысты ережелер жетілдірілді.