Жаңалықтар

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов дүркіретіп тойын жасады

Маңғыстаулық боксшының қуанышын бірқатар спорт саңлақтары бөліскен

2019 жылы 81 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған Бекзат Нұрдәулетовтің тойы Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде өткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Желіде чемпионның тойынан видеолар тарады. 

Видеодан боксшының қуанышында Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай қонақ болғанын көруге болады. 

Еске салайық, Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы Әлем чемпионы атанған. Ол кейін кәсіпқой боксқа ауысқан.