Жаңалықтар

Әлемде 11 адамда кездесетін сырқаты бар балаға «Қазақстан халқына» қоры көмектеседі

Әлемде 11 адамда кездесетін сырқаты бар балаға «Қазақстан халқына» қоры көмектеседі

«Қазақстан халқына» қорынан сирек кездесетін ауруға шалдыққан маңғыстаулық 14 баланың еміне қаржы қарастырылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Маңғыстау облысында 1 бала дүниежүзі бойынша 11 адамда ғана кездесетін гомоцистинурия ауруына шалдыққан. Баланың сырқаты биыл анықталып отыр. Енді оның мәселесі шешілетін болды. Дәрі-дәрмегіне 20-25 млн теңгеден астам қаражат керек», - деді Маңғыстау облысы бойынша орфондық аурулар жөніндегі штаттан тыс координатор Әлия Ешімова. Қазақстанда 27 мың бала орфандық ауруға шалдықса, оның 304-і Маңғыстау өңірінде тұрады. Олардың ем-домы үшін «Қазақстан халқына» қорынан 20 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.