Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды
Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды
Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды Бұл белгісіз гепатиттен 650-ге жуық бала зардап шегіп үлгерген. Инфекцияның ең көбі Ұлыбритания мен АҚШ-та тіркелген. Сәуір айының басынан тарай бастаған белгісіз гепатит 33 елдегі 650 баладан анықталды. Ең көп жұқтырған жеткіншектер Ұлыбританияда тұрады (222) және АҚШ-та (216). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Тынық мұхитының батыс бөлігі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Жерорта теңізі елдері де жаңа гепатиттен зардап шеккен. Инфекция Аргентина, Австрия, Бельгия, Болгария, Канада, Кипр, Дания, Франция, Греция, Индонезия, Ирландия, Израиль, Италия, Жапония, Мальдив, Мексика, Молдова, Нидерланды, Норвегия, Палестина автономиясы, Панама, Польша, Португалия, Оңтүстік Корея, Румыния, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Испания және Швеция елдерінде байқалған. Германия мен Ресейде жаңа гепатит жағдайлары әлі анықталған жоқ. ЕО елдерінде 75-тен астам инфекция бес жасқа дейінгі балаларда кездескен. ДДҰ хабарламасында бұл балалардың бауырының даму баяулығынан екені айтылған. Жағдайлардың 6 пайызында балаларға бауыр трансплантациясы қажет болды, 9 бүлдіршін көз жұмды. Мамандар инфекцияның көзі мен қоздырғыштың жұғу әдістерін әлі нақты анықтай алмай жатыр. Алайда, кейбір науқастардан аденовирус пен коронавирус белгілері бар.