Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы "Өл" сөзіне байланысты дау шықты.

Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы "Өл" сөзіне байланысты дау шықты.

Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы "Өл" сөзіне байланысты дау шықты. Гүлмира Аймағанбет есімді желі қолданушысы жариялаған суретте оқушыға "өл" сөзін жазу ұсынылғанын көруге болады. Бұл дәптер "Менің алтын жазу үлгім" деп аталады. Авторы - С.Трофимова. Ата-аналар бұл жағдай шектен шыққандық екенін айтып, жағымсыз сөзді балаға жаздыртудағы мақсат қандай екенін сұраған. ҚР Білім Білім және ғылым министрлігі өкілдері бұл жазу дәптері бекіткен мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесіне енгізілмегенін хабарлады. Сондай-ақ, дәптер мемлекеттік сараптамадан өтпеген. Бірақ, ведомство мәліметінше, мемлекеттік білім беру ұйымдарына мұндай жазу дәптері сияқты қосымша оқу басылымдарын таңдау құқығы берілген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 19.01.2016 жылғы № 44 бұйрығының 38-тармағында айтылған екен.