Жаңалықтар

Лидия Каденованың баласы анасын марапатымен желіде құттықтады

Лидия Каденоваға «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді

Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған еді. Олардың арасында біраз азамат Халық әртісі атағына ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Соның ішінде белгілі актриса Лидия Кәденова  «Қазақстанның халық әртісі» атағымен марапатталды. 

Лидия Каденованың ұлы Дидар Каден инстаграм парақшасында анасын құттықтады.

"Менің анам батпандай, бағы бар кісі,

Қай жерденде өрелі, табылар тұсы.

Халықтың өзі құрметтеп бағасын берген,

Анашым өнер көгінде тағы қалқышы.

Анам бүгін қолына құжат алып,

Ресми түрде Қазақстанның халық әртісі", - деді Дидар Каден.