Жаңалықтар

Әлімханұлы мен Шираз ақпан айында жұдырықтасады

Тараптар бұған дейін келісімге келе алмаған болатын

Хамза Шираздың келесі жекпе-жегі 22 ақпанда өтетіні белгілі болды. Бокс кеші Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Спорттық инсайдер Майкл Бенсон промоутер Фрэнк Уорренмен сөйлескеннен кейін, Хамза Шираздың келесі жекпе-жегі орта салмақтағы чемпиондық титул үшін өтетінін хабарлады. Шираздың командасы қазір Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО)мен келіссөздер жүргізіп жатқанына байланысты, бұл жекпе-жек дәл осы екі боксшының арасында өтетіні болжануда.

Еске салайық, Әлімханұлы соңғы рет 4 қазанда рингке шыққан. Ол жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутпен жеңген болатын. Ал, Шираз болса 21 қыркүйекте өз жерлесі Тайлер Денниді мерзімінен бұрын ұтты.