Жаңалықтар

Үлкен Алматы өзенін вейкбордпен жүзіп өткен адам кім

Үлкен Алматы өзенін вейкбордпен жүзіп өткен адам кім

Мегаполис тұрғыны Үлкен Алматы өзенін вейкбордпен жүзіп өтті Әлеуметтік желіде Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен жүзіп өткен адамның видеосы пайда болды. Өзенді вейкбордпен жүзіп өткен жігіттің есімі - Алмаз Смайылқұлов. Ол 31 жаста. Бішкекте туған. Ресейде біраз жыл тұрды. Осыдан үш жыл бұрын Алматыға қоныс аударған. «Мен кәсіби спортшымын. Қазір Қазақстанда вейкбордингті дамытуға атсалысып жүрмін. Алматыда GAGARIN Wake Park-та балалар мектебі бар. Сол жерде балаларды жаттықтырамын. Идеяның мақсаты - осы спорт түрін танымал ету «, - дейді спортшы. Сонымен қатар, ол Үлкен Алматы өзенінің бойымен қалай жүзіп өткенін айтып берді. «Роликті түсіру үшін алдымен қала әкімдігінен ресми түрде рұқсат сұрадық. Адам өмірде өз қорқынышын жеңе білуі керек. Бірақ вейкборд - қауіпсіз спорт. Трюктерді әуесқойлар қайталамағаны дұрыс», - дейді ол.