Локализациялауды арттыру және жаңа зауыттар: Қазақстан отандық өндірісті дамытуға басымдық береді

2024 жылы Қазақстан Үкіметі отандық тауар өндірушілерді қолдауға басымдық берді
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Премьер-министр сырттан келетін тракторлар мен комбайндарға берілетін субсидиялардан бас тартуды маңызды шешім деп атады. Бұл қазақстандық зауыттар өнімдеріне тапсырыстардың артуына ықпал етті.