Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды
Федерацияның жылды қорытындылау жиынында Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеді.
Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Министр Ербол Мырзабосынов жеңіл атлетика федерациясын бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметовке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, президенттікке тағайындалған Ольга Рыпакованың қызметіне сәттілік тіледі.
Жиын соңында министр Ольга Рыпаковаға еліміздегі жеңіл атлетика спортының халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығын арттыру, спортшылардың дайындығына және резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.