Құлсары трагедиясы: марқұм Асылхан Нұржауовтың бүгін жаназасы емес, тойы өтуі керек еді
Құлсарыдағы су тасқыны кезінде жоғалып кеткен әке мен баланың мәйіті табылды. Журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, Асылхан Нұржауовтың бүгін тойы болу керек еді, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Журналист төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтай алмаған, іздеу-құтқару шараларына салғырттық танытқандар заң алдында жауап беруі керегін алға тартып отыр.
Еске сала кетейік, Құлсары қаласында 6 сәуірде әкесі мен баласы бірге жоғалып кеткен еді. Әкесі – 1976 жылғы, ал бала 2000 жылы туған. Олар рұқсат ету құжатынсыз, су басқан тұрғын үйін қарау үшін барған. Алайда олар эвакуациялық пунктке кері оралмаған.