Жаңалықтар

Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік банкнотаға қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік банкнотаға қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік банкнотаға қатысты мәлімдеме жасады.

"Номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы өтініштерге байланысты Қазақстан Ұлттық банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын еске салады. Бұл банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті", - делінген ресми хабарламада. Ұлттық банк Қазақстан аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тартқандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.