Ұлттық банктің атынан хабарласатын алаяқтар көбейген
Келтірілген деректерге сай, қаскөйлер Ұлттық банк атынан жалған хат жолдайды.
Ұлттық банктің фирмалық бланкін пайдаланып, жалған құжат жолдаушы алаяқтар көбейген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ұлттық банк сайтына сілтеме жасап.
Онда тұтынушы алаяқтың құрбаны болғанын хабарлайды. Алаяқтан қаражатты қауіпсіз түрде қайтару үшін ақша аудару процесінен өтуге кеңес береді.
Интернет алаяқтары мұндай хабарламаны WhatsApp, электронды пошта арқылы таратады.
Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтарды сақ болуға, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, хабарлама келген жағдайда байланыс орталығына 1477 нөміріне хабарласу арқылы нақтылауға шақырады.