Ұлттық ұлан жауынгерлері көпқабатты тұрғын үйдің алдынан оқ тауып алды
Ұлттық ұлан - қоғамдық тәртіпті қадағалайды
4 желтоқсан күні ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері Тараз қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызмет атқарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қызмет барысында арнайы жасақ бастығы қатардағы жауынгер Р.Ахмедов және патрульшілер Б.Айдын мен И.Омарбековтер шамамен сағат 19:25 кезінде «Қаратау» шағын ауданының №32 үйдің алдындағы жолдан 9 мм оқ тауып алды.
Жауынгерлер бұл туралы тез арада әскери жасақ кезекшісі лейтенант Ө.Шайбатталға хабарлап, оқиға орнына тергеу үшін жедел тергеу тобын шақыртқан. Осылайша, жауынгер өз міндеттерін мүлтіксіз орындаған.