Ұлттық спортты ұлықтаған – «Әулиеата»
Ұлттық спортты кеңінен насихаттап жүрген аймақтардың қатарында – Жамбыл облысы да бар.
Бұл ретте «Әулие ата» кәсіпқой клубын айтпасқа болмас. Талай дүбірлі додаларда топ жарып жүрген бір ғана көкпар командамыз осымен 13 жыл қатарынан Қазақстанның чемпионы атанды. Жалпы ұлттық спортты ұлықтаған кәсіпқой клубта бүгінгі таңда 8 спорт түрі қолға алынған.
«Әулие ата» кәсіпқой клубы 2004 жылы құрылған. Түрлі кезеңдерді бастан өткерген клуб жұмысын тоқтатпады. Құрамы кіл мықтылармен толығып, қазір мұнда 300-ден аса спортшыны 14 білікті жаттықтырушы тәрибелеп жатыр. Ұлттық спорттың көкпар, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, асық ату, бес тас пен құсбегілік және тоғызқұмалақтан түрлерінен жастар мен жасөспірімдер қатысады.
Кәсіпқой клубтың жеткен жетістіктері аз емес. Соның ішінде, «Әулие-Ата» көкпар командасы 2022 жылы Түркияда өткен дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңімпаз атанды. Ал биыл бұл байрақты бәсеке 5-ші ретстана қаласында өтпек. Кәсіпқой клуб басшысы спортшылар жарысқа тыңғылықты дайындық үстінде-, дейді.
Клуб басшысының айтуынша қазіргі таңда дүбірлі жарысқа ұлттық құрама командасы жасақталып жатыр. Жамбылдық спортшылар көкпар, жамбы ату, аударыспақ,бәйге, құсбегілік бойынша ұлттық құрама сапасына кірген. Алайда әлі де іріктеу жұмыстары жалғасып жатыр екен.
ҚАЙРАТ ӘБСАМАТ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті