Жаңалықтар

“Ұлы далалықтар” қақаған қыста жылуға жарымай отыр

“Ұлы далалықтар” қақаған қыста жылуға жарымай отыр

“Ұлы далалықтар” қақаған қыста жылуға жарымай отыр. Бұл екінші жыл қатарынан болып жатқан жағдай. Әліптің артын бағумен әбден ашынған халық, жанайқайларын әлеуметтік желіде білдіріп жатыр, деп хабарлайды Жамбылинфо.

Бірақ тұрғындардың шағымынан нәтиже шығар емес. Желіде жазба қалдырған тұрғынның бірі Жасұлан Сейілхан. Айтуынша қазір өзі тұрып жатқан үйдің астында бір емес,екі мотор тұр. Бірақ оның күші жетпейді де дейді ол.

Сондай-ақ, ол бұл мәселемен қала әкімдігі және жауапты мамандар хабардар екенін айтады. Айталық, қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл шағын ауданға келіп, проблеманы көзбен көріп, тұрғындарды сабырға шақырып кеткен.

Тұрғындар қыс басталғалы үйде қос қабат көрпе оранып жатуға мәжбүр. Жылыту құралдарын қосқанмен пайда жоқ.

Jambylinfo.kz журналистері аталған шағымға қатысты қала әкімшілігінен ресми жауап күтеді. Мәселенің мән-жайын алдағы уақытта жариялаймыз.

Диана Орынбасар