Жаңалықтар

Ұлыбританияда COVID-19-дың жаңа толқыны қашан басталатыны болжанды

Ұлыбританияда COVID-19-дың жаңа толқыны қашан басталатыны болжанды

Коронавирус инфекциясының таралуының жаңа өршуі күзде болуы мүмкін. Бұл болжамды Ұлыбритания Ұлттық статистика басқармасының басшысы Иэн Даймонд 14 наурыз күні айтты. «Күзде инфекцияның жаңа толқыны болатынына күмәнім жоқ», - деді Ұлыбритания Ұлттық статистика басқармасының басшысы Иэн Даймонд «Би-би-си» телеарнасында. Маманның айтуы бойынша, COVID-19-дың келесі толқыны қашан болатынына болжам жасау үшін қолданылатын вакциналардың тиімділігін түсіну маңызды. «Біз бұл вирустың ешқайда кетпейтінін мойындауымыз керек», - дейді ол. 4 наурызда The Mirror басылымы Ұлыбританияда коронавирус инфекциясының жаңа штамы пайда болғаны туралы жазған болатын. Басылымда COVID-19-дың бұл нұсқасында оңтүстікафрикалық және бразилиялық мутациямен ортақ ұқсастығы бар екендігі айтылған. Ол кезде вирустың осы түрімен 16 адам ауырғаны белгілі болды және олар оқшауландырылған еді.