Жаңалықтар

"Ұлым Оңтүстік Корея түрмесінде жазықсыз отыр". Шымкенттік әйел баласына жала жабылғанын айтты

"Ұлым Оңтүстік Корея түрмесінде жазықсыз отыр". Шымкенттік әйел баласына жала жабылғанын айтты

26 жастағы қазақстандыққа шетелде қырғыз қызы ауыр айып тағып, қаңтарда түрмеге тоғытқан. Бұл мәселе "Көреміз" бағдарламасында көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бағдарлама мәліметінше, 35 жастағы қырғыз қызы мен қазақстандық жарты жыл бойы қыз бен жігіт ретінде араласқан. Алғашында олар қосымша арқылы танысқан. Алайда қызынан көңілі қалған Амангелді көп ұзамай айырылысуды жөн көрген. Арада бір ай өткен соң қыз Амангелді Кенжебековтен зорланғанын айтып, арыз жазған. Алайда, бағдарлама мәліметінше, қыздың зорланғанына қатысты ешбір сараптама жасалмаған. Осылайша, шымкенттік Амангелді Кенжебековті 3 қаңтарда Оңтүстік Кореяның құқық қорғау қызметкерлері ұстаған. Алайда ол жазылған арыз шындыққа жанаспайтынын айтады. Айгүл Қаюмова да ұлының жазығы жоғын жеткізді. Ал қыз полиция, прокуратура бәрін тексергенін айтып отыр. "Алғашында сезім болғаны рас. Сот алқасына да солай айтқанмын. Бірақ ол мені көлікте пайдаланып кеткеннен кейін бұл адам дұрыс емес екен ғой деп ойладым. Сосын әрі қарай жұмыс істедім. Ештеңе ойламадым. ...Арыз жазар алдында полиция, прокуратура "бұл іс, расымен де, алуға тұрарлық па" деп қарайды. Телефонымыз, хаттарымыз арнайы аппарат арқылы тексеріледі. Өйткені мені Амангелді сүйіктісі ретінде көрсеткен. Бірақ біз кездеспедік. ...Бұл жағдай өткен жылы қазанда болды. Мен жүкті екенімді қарашада біліп, арыз жаздым. Ол мені ұрмады. Бірақ күштеп, менімен жыныстық қарым-қатынасқа түсті", - дейді қыз бұл оқиға туралы. Бағдарлама барысында заңгер Мейірман Шекеев бұл істің кейбір жайттары толық ашылмағанын мәлімдеді. Қыз енді жігіттен моралды өтемақы талап етіп отыр. Бағдарлама мәліметінше, алғашында ол 33 миллион теңге сұраған. Қазір 5 миллион теңгеге түскен. Ал қазақстандық 9 айдан бері Оңтүстік Корея түрмесінде отыр. "Көреміз" бағдарламасы бұл істі алдағы уақытта да назарда ұстайтынын хабарлады. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/94112/?utm_source=smi24