"Ұлыма 80 мың теңге төлеймін". Сырымбек Тау балаларын қалай тәрбиелейтінін айтты
"Ұлыма 80 мың теңге төлеймін". Сырымбек Тау балаларын қалай тәрбиелейтінін айтты
Кәсіпкер Сырымбек Тау балаларын қалай тәрбиелейтінін айтты, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ол "Динамен дұрыс" бағдарламасына берген сұхбатта бөлісті. "Жасырмаймын, екі үлкен балама жалақы беремін. Мен қатты әке болуым мүмкін, бір жағынан мейірімді әке болуым мүмкін, бір жағынан өзімді тәрбиені дұрыс беретін әке деп санаймын. Үлкен ұлым KIMEP-те 1-курста оқиды. Әр 15 күн сайын жалақы жіберемін. Құнын білсін", - дейді ол. Оның айтуынша, мұндай тәрбие әкесінен келген. "Әкемнің аяқкиімі, киімдері таза болуы менің мойнымда болды. Ол менің аяқкиімімді, сапарға шығатын сөмкемді дайындауы керек. Екіншіден, кей адамдардың үйінде 10 шақты жұмысшысы болады да, балдары еркетотай болады. Түк істемейді. Менің баламның ондай болғанын қаламаймын. Баламның кішкентай кезінен бәрін істеп көргенін қалаймын. Сылтау қабылданбайды. Ұлымның жасы 16-да. Бір айда 80 мың теңге беремін. Жетпейтінін айтса, маған есеп беруі керек. Қыз баланың еркелегені дұрыс, бірақ дүниенің шегі болған дұрыс. Бай болудың басты кілті - дұрыс үнемдеу. 10 жастағы қызыма айына 5 мың теңге беремін", - дейді кәсіпкер. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/96569/