Жаңалықтар

Ұлытауда шахта опырылып, 7 адам үйінді астында қалды

The final spritzer

Оқиға Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" компаниясына қарасты "Жомарт" кенішінде орын алған

640 метр тереңдікте тау массасы опырылып, үйінді астында 7 адам байланыссыз қалған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы Tөтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта "Серіктес" АСС" ЖШС-нің құтқарушы бөлімі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

"Оқиға орнына шұғыл түрде Ұлытау облысы ТЖД және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есеп, Апаттар медицинасы орталығының медициналық қызметкерлері және Қазақстан ТЖМ-ның психологтары аттанды", делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнында ТМН-ның және облыстық ТЖД-ның шұғыл штабы құрылды.

ТЖМ шұғыл байланыс желісін ұйымдастырды: +7 (7271) 55-96-21.

Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.