Ұлытаудағы апат: Үкіметтік комиссия оқиға орнында жұмыс істеуде

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ұлытау облысында орын алған төтенше жағдайға байланысты вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия құрылып, жедел іске кірісті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Комиссия құрамына Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, сондай-ақ ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев енді.
Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі, ішкі істер министрлігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің шұғыл тергеу тобы, сондай-ақ еңбек және құрылыс саласының мамандары жұмыс жүргізуде. Комиссия мүшелері жағдаймен танысып, тергеу барысын бақылауға алды. Қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.
Алдағы уақытта вице-премьер Қанат Бозымбаев штаб отырысын өткізіп, марқұмдардың жақындарымен кездеседі.