Жаңалықтар

Мұғалімдер мен оқушылар жасанды интеллектті қолдануды меңгереді

Пилоттық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып отыр

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ, «Astana hub» халықаралық технопаркімен және «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен бірлесіп оқушылар мен педагогтерге арналған бағдарламалау негіздерін оқытатын онлайн-білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. 

Министрліктің мәліметінше, бастапқы кезеңінде 300 мұғалім мен тренер «Жасанды интеллект» және Game Development бағыттары бойынша біліктілігін арттырып жатыр. 

 "Биыл 31 желтоқсанда аяқталатын курстар алты айға жоспарланған. Курс аяқталған соң әрбір қатысушыға сертификат беріледі, олар әрі қарай оқушылар мен педагогтерді бағдарламалау негіздеріне оқыта алады.

«Пилоттық мектептердің білім алушылары бағдарламалау негіздері бойынша биыл шілде-желтоқсан аралығында онлайн режимде «No Code», «Low Code» және «Startup Academy» курстарынан және офлайн 2025 жылдың қаңтарынан бастап бағдарламалау негіздері бойынша оқиды. 

Айта кету керек, оқушылар өздеріне ыңғайлы уақытта оқи алады. Әр сабақта бейнедәріс, қосымша материалдар және тест тапсырмалары бар. Сондай-ақ қатысушылар пилоттық жоба үйлестірушілерінен көмек сұрай алады. Пилоттық жоба барлығы 27 мыңнан астам оқушыны қамтиды.